Астанада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионаты өтуде
Чемпионат 25-шілдеге дейін жалғасады.
ашық дереккөзден
Бүгін Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты басталды. Алты күнге созылатын ел біріншілігінде еліміздің барлық өңірінен іріктелген 32 ер және 32 әйел теннисші қатысуда. Олар ел чемпионы атағы үшін өзара бақ сынайды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпазға Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы берілсе, финалист спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындайды.
Дәстүрлі турнир тәжірибелі спортшылармен қатар халықаралық деңгейде өздерін танытып жүрген жас теннисшілердің басын қосты.
Ерлер арасындағы додада Арсений Требухин, Даниель Юрекли, Тимур Сауленко, Олжас Есеналы және елдің өзге де мықты теннисшілері өнер көрсетеді.
Ал әйелдер арасында чемпиондық атаққа Асылжан Арыстанбекова, Инкар Дүсебай, Сандуғаш Кенжібаева, Альбина Какенова және халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап жүрген басқа да спортшылар таласады.