«Қайраттың» Еуропа лигасындағы ықтимал қарсыластары белгілі болды

«Қайрат» 22-шілдеде Никосияда «Омония» клубымен жолығады.

«Қайраттың» Еуропа лигасындағы ықтимал қарсыластары белгілі болды ашық дереккөзден

Алматылық «Қайрат» УЕФА Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымындағы ықтимал қарсыласын білді. 

Егер алматылық ұжым «Омониядан» айласын асырса, Болгарияның «Левски» және Румынияның «Университатя Крайова» командалары арасындағы матчтың жеңімпазымен жолығады. Чемпиондар лигасының үшінші кезеңінің матчтары 4/5 тамыз, ал қарымта ойындар 11-тамыз күні өтеді. 

Ал, Қазақстан чемпионы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Кипрдің «Омония» клубына есе жіберсе, еурокубоктағы жолын Еуропа лигасында жалғастырады.

Бұл жағдайда Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Швецияның «Мьельбю» және Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командалары арасындағы жұптың жеңілген клубымен кездеседі.

«Қайрат» пен «Омония» арасындағы алғашқы матч  22 шілдеде Никосияда өтсе, қарымта кездесу 29 шілдеде Алматыда ұйымдастырылады.

Осы екі ойынның қорытындысы бойынша алматылық клубтың Чемпиондар лигасындағы жорығын жалғастыра ма, әлде Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне ауыса ма - белгілі болады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу