Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирдің чемпионы атанды
19-22 шілде аралығында Ташкентте үстел теннисінен халықаралық турнир өтуде.
ашық дереккөзден
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық үстел теннисі турнирінде қазақстандық спортшы Жания Бекмұхамбетова алтыннан алқа тақты.
Қостанай қаласының өкілі U13 жас санатында барлық қарсыласынан басым түсті.
Жарыс барысында Жания Бекмұхамбетова Өзбекстанның төрт, Үндістанның екі және Түрікменстанның бір спортшысын жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.
Осылайша, қазақстандық жас теннисші халықаралық додада жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына кезекті алтын жүлдені салды.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу