Юлия Путинцева Гамбургтағы WTA 250 турнирін жеңіспен бастады
Гамбургте Bitpanda Hamburg Open турнирі өтіп жатыр.
ашық дереккөзден
Юлия Путинцева Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің екінші кезеңіне жолдама алды.
Әлемдік рейтингте 79-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда германиялық Мона Бартельмен кездесті. Путинцева матчты сенімді бастап, алғашқы сетте 6:2 есебімен басым түсті. Екінші партия тартысты өрбігенімен, тай-брейкте 7:5 есебімен жеңіске жетіп, кездесуді екі сетте қорытындылады - 6:2, 7:6 (7:5).
1 сағат 57 минутқа созылған матчтан кейін Юлия Путинцева жарыстың 1/8 финалына шықты.
Келесі кезеңде қазақстандық теннисші Нидерланды өкілі Аранча Рус пен Армения спортшысы Элина Аванесян арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу