«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңін Кипрде бастайды
Бүгінгі матчта португалиялық маман Густаву Коррейа төрешілік етеді.
ашық дереккөзден
Бүгін, 22 шілдеде «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын Кипрдің «Омония» командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Кипр астанасы Никосия қаласындағы GSP стадионында өтеді. Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Қарымта ойын 29 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда ұйымдастырылады.
Айта кеетйік, Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубынан басым түсті. Алматыдағы алғашқы кездесуде қазақстандық команда 2:1, сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алған еді.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу