Қазақстандық теннисші Португалияда атақты Андрей Рублевке қарсы кортқа шығады

1/8 финалдық матч 23-шілде күні өтеді.

Қазақстандық теннисші Португалияда атақты Андрей Рублевке қарсы кортқа шығады ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Португалияның Эшторил қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.

Әлемдік рейтингте 163-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингтің 98-сатысында тұрған нидерландылық Йеспер де Йонгпен кездесті.

Үш сетке созылған тартысты матчта Скатов алғашқы партияны 1:6 есебімен ұтылғанымен, кейін камбэк жасап, келесі екі сетті 6:4, 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Кездесу 2 сағат 29 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Тимофей эйс жасай алған жоқ, үш рет қос қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Осы жеңістің арқасында Тимофей Скатов турнирдің екінші айналымына шығып, әлемнің 14-ракеткасы, жарыстың бірінші нөмірлі спортшысы, ресейлік Андрей Рублевпен кездесетін болды.

Айта кетейік, Андрей Рублев Ресейдің ең атақты теннисшілерінің бірі. Ол 2020 жылғы Олимпиада ойындарының аралас жұптық сайысындағы чемпионы, ATP турнирлерінің 22 дүркін жеңімпазы (оның 18-і жекелей сында), сондай-ақ Ресей құрамасымен бірге 2021 жылғы Дэвис кубогы мен ATP Cup турнирлерінің жеңімпазы атанған. Қазіргі таңда әлемдік рейтингте 14-орында тұр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу