Виктор Друзин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Бангкоктегі әртістік жүзу бәсекелері 25 шілдеге дейін жалғасады.

Виктор Друзин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды ашық дереккөзден

Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында әртістік жүзу бәсекесі басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде техникалық соло бағдарламасы бойынша сынға түскен қазақстандық Виктор Друзин тамаша өнер көрсетіп, 231.8550 ұпаймен Азия чемпионы атанды.

Күміс жүлде Таиланд өкілі Пантуракса Васинге (175.3992 ұпай) бұйырса, қола медальді Малайзия спортшысы Кай Янг Лве (167.1425 ұпай) иеленді.

Айта кетейік, Виктор Друзин Азия чемпионатында қатарынан екінші жыл алтын медаль жеңіп отыр. Ол өткен жылы да құрлық біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу