Қазақстандық мерген жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Эстония астанасы Таллинде өтіп жатқан ISSF оқ атудан әлем чемпионаты өтуде.
ашық дереккөзден
Шымкент қаласының спортшысы Валат Мусаев жасөспірімдер арасындағы 10 метр қашықтықтағы қозғалмалы нысанаға (Moving Target Mixed) оқ ату жарысында үздік нәтиже көрсетіп, әлем чемпионы атанды.
Осылайша, Валат Мусаев әлемдік додада көк туымызды желбіретіп, Мемлекеттік Әнұранымыздың шырқалуына себеп болды. Оңтүстік Корея өкілі Чэхён Бэ екінші орынға ие болса,финляндиялық Уильям Эрик Вилькман үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Таллинде 20-26 шілде аралығында өтіп жатқан әлем чемпионатына 17 елден 85 үздік спортшы қатысуда.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу