Қазақстандық үстел теннисшілері Ташкенттегі халықаралық турнирде жеті медаль жеңіп алды
19-22 шілде аралығында Ташкентте үстел теннисінен халықаралық турнир өтті.
ашық дереккөзден
Өзбекстан астанасы Ташкентте 22 елдің спортшылары қатысқан WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық үстел теннисі турнирі мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны жеті медаль иеленді.
Қазақстан қоржынына екі алтын, бір күміс және төрт қола жүлде түсті.
U19 жас санатында Алан Курманғалиев чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алды. Ал U13 санатында Жания Бекмұхамбетова қарсыластарынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.
U11 жас санатында Назерке Болатбек күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қола медальдарды U11 санатында Дагир Данияров, Нұржан Бақдәулет, Медина Амандық және Нұрай Жанаева жеңіп алды.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу