Дастан Сәтпаев «Челси» сапында екінші жолдастық матчқа қатысты
Дастан Сәтпаев алғашқы жолдастық кездесуін 18 шілдеде «Кроули Таунға» қарсы өткізген болатын.
ашық дереккөзден
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубы сапында маусымалды дайындық аясындағы екінші жабық жолдастық матчына қатысты. Кездесу көрермендерсіз өтті.
«Челси» бұл кездесуде «Бромлиді» 3:0 есебімен жеңді. Сәтпаев алаңға үзілістен кейін шықты. Лондондық клубтың құрамында Джейми Гиттенс, Эммануэль Эмега және Жоау Педро мергендігімен көзге түсті.
Бұл қазақстандық шабуылшының «Челси» сапындағы маусымалды дайындықтағы екінші бейресми ойыны.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев алғашқы жолдастық кездесуін 18 шілдеде «Кроули Таунға» қарсы өткізді. Матчта қазақстандық шабуылшы екінші таймда алаңға шығып, «Челси» 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.