Александр Бублик Generali Open турнирінің жартылай финалына шықты
Турнирдің жүлде қоры 612 620 еуроны құрайды.
ашық дереккөзден
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Китцбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі теннисшісі ретінде тіркелген қазақстандық спортшы ширек финалда әлемнің 81-ракеткасы, словакиялық Алекс Молчанмен кездесті.
Кездесу екі сетке созылып, Бубликтің айқын жеңісімен аяқталды - 6:3, 6:2.
Матч 1 сағат 9 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Александр 12 эйс жасап, жеті рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ сегіз брейк-пойнт мүмкіндігінің төртеуін сәтті пайдаланды.
Енді финал жолдамасы үшін Александр Бублик әлемдік рейтингте 31-орында тұрған аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездеседі