«Тобыл» тең түсті

«Тобыл» сырт алаңдағы алғашқы матчта жеңілістен аман қалды.

«Тобыл» тең түсті ашық дереккөзден

Бүгін «Тобыл» УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында Литваның «Паневежис» клубымен тең түсті.

«Аукштайтия» стадионында өткен кездесуде есепті алаң иелері ашты. Бірінші таймның қосымша уақытында, 45-минутта Сейдина Кейта мергендік танытып, литвалық ұжымды алға шығарды.

Екінші таймда «Тобыл» таразы басын теңестіруге тамаша мүмкіндік алды. 60-минутта қазақстандық клубтың пайдасына пенальти белгіленгенімен, команда капитаны Асхат Тағыберген 11 метрлік айып добын голға айналдыра алмады.

Соған қарамастан, қостанайлықтар шабуылды үдетіп, матч соңында дегеніне жетті. 84-минутта Неманья Чавнич Асхат Тағыбергеннің нәтижелі пасын голға айналдырып, есепті теңестірді - 1:1.

«Тобыл» сырт алаңдағы алғашқы матчта жеңілістен аман қалды. 

Қарымта кездесу 30 шілде күні Қостанайда өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады. 

Үшінші іріктеу кезеңінің матчтары 6 және 13 тамызға жоспарланған.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу