Дастан Сәтпаевтың маусым алдында «Челсиде» қай нөмірмен өнер көрсететіні белгілі болды

Жанкүйерлер қазақстандық шабуылшының «Челси» сапындағы алғашқы кездесуінде алаңға шығуын тағатсыздана күтуде.

Дастан Сәтпаевтың маусым алдында «Челсиде» қай нөмірмен өнер көрсететіні белгілі болды ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың Лондонның «Челси» клубындағы алғашқы жейде нөмірі белгілі болды.

Маусым алдындағы дайындық кезеңінде қазақстандық футболшы 36-нөмірмен өнер көрсетеді. Алайда жаңа маусым басталғаннан кейін ойыншылардың нөмірлері өзгеруі мүмкін.

Сондай-ақ Сәтпаев «Челсидің» Аустралия мен Азиядағы турнесіне аттанған 27 футболшының қатарына енді. Лондондық клубтың алғашқы жолдастық кездесуі 28 шілде күні Аустралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 14:45-те басталады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу