«Қайрат» Түркістанда матч өткізеді

УЕФА алматылық клубқа Түркістанда матч өткізуге ресми рұқсат берді.

«Қайрат» Түркістанда матч өткізеді ашық дереккөзден

Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Еуропа кубогының үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал өз алаңындағы матчын Түркістанда өткізетін болды.

Бұған 14 тамыз күні Алматының Орталық стадионында әлемге әйгілі америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті жоспарланғаны себеп болды. Осыған байланысты клубтың негізгі аренасы аталған күні еурокубок матчын қабылдай алмайды.

Қалыптасқан жағдайды және халықаралық жарыстардың тығыз күнтізбесін ескерген «Қайрат» УЕФА-ға матч өтетін орынды өзгерту туралы ресми өтініш жолдаған. Нәтижесінде ұйым кездесуді Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткізуге рұқсат берді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу