Абдуқодир Хусанов «Манчестер Ситимен» жаңа келісімшартқа қол қойды

Өзбекстан құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысқан қорғаушының сенімді ойыны клуб басшылығының жоғары бағасына ие болды.

Абдуқодир Хусанов «Манчестер Ситимен» жаңа келісімшартқа қол қойды ашық дереккөзден

Өзбекстан құрамасының және Англияның «Манчестер Сити» клубының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов командамен келісімшартын 2031 жылға дейін ұзартты.

22 жастағы футболшы «Ситиге» 2025 жылдың қаңтарында Францияның «Ланс» клубынан ауысып келген болатын. Англияға дейін ол Беларусьтің «Энергетик-БГУ» сапында өнер көрсеткен.

Хусанов осы уақытқа дейін «Манчестер Сити» сапында 47 матч өткізіп, өткен маусымның екінші жартысында негізгі құрамдағы ойыншылардың біріне айналды. 

2025/26 жылғы маусымда Хусанов «Манчестер Ситидің» үздік ойыншысы атағына үміткерлер қатарына енді. Алайда бұл марапат үшін таласта Нико О’Райлиге ғана жол берді. Сол маусымда «қалалықтар» Англия кубогы мен Англия лигасы кубогын жеңіп алды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу