XDS Astana Team велошабандозы Испаниядағы біркүндік жарыста жеңіске жетті

Елордалық команда биылғы маусымда табысты өнер көрсетуде.

XDS Astana Team велошабандозы Испаниядағы біркүндік жарыста жеңіске жетті ашық дереккөзден

XDS Astana Team велошабандозы Томас Сильва Испанияда өткен беделді «Класика Ордисия-де-Вильяфранка» біркүндік веложарысының жеңімпазы атанды.

Жарыс жолының ұзақтығы 167 шақырымға созылған бәсекеде қазақстандық ұжым жоғары деңгейдегі командалық тактикасын көрсетті. Жарыстың шешуші бөлігінде XDS Astana Team көш басындағы топты қуып жетіп, финалдық шабуылға қолайлы жағдай жасады.

Соңғы шақырымдарда Томас Сильва UAE Team Emirates-XRG командасының өкілі Игор Арриетамен бірге алға озып шықты. Екі велошабандоз мәреге дейін басымдығын сақтап қалып, жеңімпаз тағдыры спринтте анықталды. Сильва қарсыласынан басым түсіп, маусымдағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ал оның командаласы Кристиан Скарони мәреге төртінші болып келді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу