«Ақтөбе» үздік үштікке көтерілді

«Оқжетпес» турнирлік кестеде үздік үштіктегі орнын жоғалтты.

«Ақтөбе» үздік үштікке көтерілді ашық дереккөзден

Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында «Ақтөбе» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпес» клубын 2:1 есебімен жеңді.

Кездесу алаң иелерінің басымдығымен басталды. Матчтың 5-минутында Яни Атанасов есеп ашса, 22-минутта Темірлан Ерланов «Ақтөбенің» басымдығын еселей түсті.

Бірінші таймның соңында қонақтар сапынан 45-минутта Шахбоз Умаров мергендігімен көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартты - 2:1.

Екінші таймда «Оқжетпес» таразы басын теңестіруге тырысқанымен, мақсатына жете алмады. Ал 78-минутта көкшетаулықтардың қорғаушысы Иван Кузьмичев екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осылайша қонақтар кездесудің соңғы бөлігін бір ойыншыға кем өткізді.

Сан басымдығын тиімді пайдаланған «Ақтөбе» матч соңына дейін есепті сақтап қалып, маңызды үш ұпайға қол жеткізді.

Осы жеңістен кейін «Ақтөбе» 31 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал 30 ұпайы бар «Оқжетпес» төртінші сатыға төмендеді. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу