Александр Бублик Китцбюэльдегі турнирдің финалында жеңіліс тапты

Жарыстың басты фавориті саналған Александр Бублик күтпеген жерден франциялық теннисшіге есе жіберді.

Александр Бублик Китцбюэльдегі турнирдің финалында жеңіліс тапты ашық дереккөзден

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Китцбюэль қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирдің финалында өнер көрсетті. 

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші шешуші кездесуде әлемнің 83-ракеткасы, франциялық Кентен Галимен кортқа шықты.

1 сағат 34 минутқа созылған матчта Бублик екі сетте 4:6, 6:7 (6:8) есебімен есе жіберді.

Кездесу барысында қазақстандық спортшы алты эйс жасап, бір қос қателікке жол берді. Сондай-ақ ол бірде-бір брейк-пойнтты пайдалана алмады.

Осылайша, Александр Бублик өткен жылы жеңіп алған Китцбюэль турниріндегі чемпиондық атағын қорғай алмады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу