Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченкоға автокөлік сыйға тартылды
1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында XXVI жазғы Олимпиада ойындары өткен болатын.
ашық дереккөзден
Грек-рим күресін Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінің саңлағы Юрий Мельниченко Атланта Олимпиадасындағы тарихи жеңісінің 30 жылдығына орай құрметке бөленді.
Мерейтойлық шара барысында спорт ардагеріне Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің құттықтау хаты табысталды. Сонымен қатар Қазақстан күрес федерациясы атынан автокөлік сертификаты сыйға берілді.
Юрий Мельниченко - Олимпиада чемпионы, әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы. Қазіргі уақытта Қазақстан күрес федерациясы төрағасының орынбасары ретінде отандық күрестің дамуына үлес қосып келеді.
Мерейтойлық іс-шарада чемпионның ел спортына сіңірген еңбегі ерекше аталып өтіп, тарихи жеңістің Қазақстан спорты үшін маңызы зор екені айтылды.