“Астана” “Алтайды” тас-талқан етті

Кездесу “Астана-Аренада” өтті.

“Астана” “Алтайды” тас-талқан етті ашық дереккөзден

Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында елордалық “Астана” өз алаңында “Алтайды” қабылдап, 4:1 есебімен ірі жеңіске жетті.

Матчтың 8-минутында Бауыржан Исламхан есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Алайда араға төрт минут салып Ибрагим Дадаев таразы басын теңестірді. Бірінші таймның 34-минутында Марин Томасов мергендігімен көзге түсіп, “Астананы” қайта алға шығарды.

Үзілістен кейін Григорий Бабаян шәкірттері басымдықтарын арттыра түсті. Алдымен 60-минутта Рамазан Кәрімов гол соқса, екі минуттан кейін Станислав Басманов есепті 4:1-ге жеткізіп, матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, “Астана” маңызды үш ұпайды еншілеп, турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу