“Қайрат” көш бастады
Чемпиондықтан үміткер қос команда арасында тартысты кездесу өтті.
ашық дереккөзден
Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында алматылық “Қайрат” өз алаңында шымкенттік “Ордабасыны” 2:1 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде бірінші орынға көтерілді.
Кездесудің 14-минутында испаниялық шабуылшы Марк Гуаль есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Бұл есеп матчтың негізгі уақытының соңына дейін сақталды. 87-минутта финляндиялық форвард Ойва Юккола екінші голды соғып, “Қайраттың” басымдығын арттырды.
Қонақтар тек қосымша уақытта ғана қарымта қайтарды. Норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсен “Ордабасы” сапынан мергендік танытқанымен, бұл гол жеңілістен құтқара алмады.
Осы жеңістің арқасында “Қайрат” ұпай санын 45-ке жеткізіп, 20 ойыннан кейін Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде көш бастады. Ал бұған дейін бірінші орында тұрған “Ордабасы” 43 ұпаймен екінші орынға сырғыды. Дегенмен Шымкенттік клубтың қоржынында бір ойын бар.