Григорий Ломакин финалға бір қадам қалды
ATP Challenger турнирінде әзірге іріктеу жарыстары өтіп жатыр.
ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады.
Әлемдік рейтингте 909-орында тұрған қазақстандық теннисші жекелей сындағы іріктеу кезеңінің жартылай финалында Болгария өкілі Виктор Марковты екі сетте - 7:5, 7:5 есебімен жеңді. Екі сағат жеті минутқа созылған кездесуде Ломакин маңызды сәттерде сенімді ойын көрсетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Енді Григорий жарыстың негізгі кезеңіне шығу үшін шешуші матчта Франция теннисшісі Константин Биттун Кузьмин мен Түркия өкілі Керем Йылмаз арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Самсундағы Challenger турнирінің жүлде қоры 63 мың АҚШ долларын құрайды. Турнир жеңімпазы 9 500 доллар мен ATP рейтингінің 50 ұпайына ие болады.