Дастан Сәтпаев «Челси» сапында алғашқы матчта алаңға шығады

17 жастағы қазақстандық жас талант «Челси» сапында 36-нөмірмен өнер көрсетеді.

Дастан Сәтпаев «Челси» сапында алғашқы матчта алаңға шығады GROK

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін Лондонның «Челси» клубы бүгін, 28 шілде күні Аустралияда өтетін Sydney Super Cup маусымалды турниріндегі алғашқы матчын өткізеді.

Хаби Алонсо шәкірттері жергілікті «Вестерн Сидней» клубымен кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен 14:45-те басталады.

Маусымаралық дайындық аясындағы бұл турнирге 19 футболшы қатысады. Олардың қатарында Дастан Сәтпаев та бар. 

Sydney Super Cup - «Челси», «Тоттенхэм» және «Вестерн Сидней» қатысатын жолдастық турнир. Командалар бір-бірімен айналым жүйесі бойынша ойнап, жеңімпазды анықтайды. Барлық кездесулер Аустралияның Сидней қаласында өтеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу