Скотт Манн Талғардағы ҚФФ академиясы құрылысының барысымен танысты

Талғардағы жаңа академия дарынды жастарды даярлайтын маңызды орталықтардың біріне айналмақ.

Скотт Манн Талғардағы ҚФФ академиясы құрылысының барысымен танысты ашық дереккөзден

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Скотт Манн Талғар қаласында салынып жатқан ҚФФ академиясының құрылыс алаңына барып, жобаның жүзеге асу барысымен танысты.

Алматы халықаралық әуежайының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды жоба қарқынды жалғасуда. 2026 жылғы 13-20 шілде аралығындағы мәліметке сәйкес құрылыс жұмыстарының жалпы орындалу деңгейі 39 пайызға жеткен.

Жоба аясында заманауи жабық футбол манежі, спорт кешені, медициналық және оңалту кабинеттері, сондай-ақ 150-ге жуық жас футболшы мен қызметкерлерге арналған төрт қабатты жатақхана бой көтереді.

Заманауи инфрақұрылыммен жабдықталатын кешен жас ойыншылардың кәсіби деңгейде дайындалып, шеберліктерін шыңдауына мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті Скотт Энтони Маннды Бас хатшы қызметіне тағайындаған болатын. Ол бұған дейін Англия Премьер-лигасында жұмыс жасаған, Еуропаның беделді клубтық турнирінің бірінде жеңіске жеткен тәжірибелі маман. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу