Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын салды

Матч Аустралияда өтуде.

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын салды ашық дереккөзден

Бүгін, 28 шілде күні Аустралияның Сидней қаласында өтіп жатқан Sydney Super Cup маусымалды турнирі аясында «Челси» жергілікті «Вестерн Сидней» клубымен кездесті. Матчтың небәрі 5-минутында Дастан Сәтпаев қарсылас қақпасын дәл көздеп, лондондық клубтағы алғашқы голын соқты.

Айта кетейік, бұл турнирге «Челсидің» маусымаралық оқу-жаттығу жиынына 19 футболшы шақырту алды. 

Sydney Super Cup – «Челси», «Тоттенхэм» және «Вестерн Сидней» клубтары қатысатын маусымалды жолдастық турнир. Жарыс айналым жүйесі бойынша өтіп, барлық матчтар Аустралияның Сидней қаласында ұйымдастырылуда. Ойын жалғасуда. Әзірге есеп 1:1. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу