Дияр Аманәлі 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды

Әлем чемпионаты Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатыр.

Дияр Аманәлі 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды ашық дереккөзден

Қазақстандық балуан Дияр Аманәлі грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында Дияр Венгрия өкілі Кеве Ковачпен белдесті. Тартысты өткен шешуші кездесуде қазақстандық балуан алғашқы болып есеп ашты. Белдесу соңында таблода 1:1 есебі тіркелді.

Біріккен күрес әлемі ережесіне сәйкес, грек-рим күресінде 1:1 есебі кезінде алғашқы ұпайға ие болған спортшы жеңімпаз деп танылады. Осылайша, Дияр Аманәлі қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық балуан Әли Алмас грек-рим күресінен 48 келі салмақ дәрежесінде финалда Ресей өкілі Солтан Юсуповқа 3:8 есебімен есе жіберіп, әлем чемпионатының (U17) күміс жүлдегер атанды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу