«Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды

Бүгінгі кездесудің басты қаһарманы - Темірлан Анарбеков.

«Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды ашық дереккөзден

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, турнирдің үшінші сатысына жолдама алды. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері өз алаңында Кипрдің «Омониясын» 1:0 есебімен жеңіп, пенальти сериясында басым түсті.

Алғашқы матчта Никосияда өткен кездесуде «Қайрат» 0:1 есебімен жеңілген болатын. Сондықтан алматылықтарға қарымта ойында кемінде бір доп айырмасымен жеңіске жету қажет еді.

Кездесудің 26-минутында «Омония» шабуылшысы Андроникос Какулис өрескел ереже бұзғаны үшін тікелей қызыл қағаз алып, қонақтар он ойыншымен қалды.

Сан басымдығын тиімді пайдаланған алаң иелері 37-минутта есеп ашты. Қосалқы құрамнан шыққан Эдмилсон қарсылас қақпасын дәл көздеп, екі матчтың қорытынды есебін теңестірді.

Екінші таймда «Қайрат» толық басымдық танытып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алайда алматылықтар қақпа бағанасына дәл тиіп, бірнеше тиімді мүмкіндікті мүлт жібергендіктен, негізгі уақыт 1:0 есебімен аяқталды.

Қосымша уақытта да қазақстандық клуб шабуылын үдетті. 111-минутта «Омония» қорғаушысы Сену Кулибали екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осылайша кипрлік команда матчтың соңғы бөлігін тоғыз ойыншымен өткізді.

Жеңімпаздың тағдыры пенальти сериясында анықталды (6:5пенальти). 

Енді алматылық клуб келесі кезеңде Болгарияның «Левскиі» мен Румынияның «Университатя Крайова» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал «Омония» еурокубок маусымын УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде жалғастырады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу