«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы белгілі болды
Үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтары 4-5 тамызда, қарымта кездесулер 11-12 тамызда өтеді.
ашық дереккөзден
Алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левски» клубымен кездесетін болды.
Софиялық команда екінші іріктеу кезеңінде Румынияның «Университатя» клубын екі матчтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» биылғы еурокубок маусымын бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» командасын жалпы есепте 4:1 есебімен ұтқан болатын. Ал күні кеше, екінші кезеңде Кипрдің «Омониясымен» екі матч нәтижесінде 1:1 есебі тіркеліп, пенальти сериясында алматылық клуб 6:5 есебімен жеңіске жетті.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу