Әлем чемпионы атанған қазақстандық семсерлесушілердің қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізген Қазақстан құрамасының спортшыларына мемлекет тарапынан қомақты ақшалай сыйақы берілетіні белгілі болды.

Әлем чемпионы атанған қазақстандық семсерлесушілердің қанша сыйақы алатыны белгілі болды ашық дереккөзден

Гонконгта өткен әлем чемпионатының финалында қазақстандық шпагашылар Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңді. Ерлер арасындағы әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасының мүшелері - Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимовтың әрқайсысы 15 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Семсерлесу Олимпиада бағдарламасына кіретін спорт түрі болғандықтан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес осындай марапат қарастырылған.

Сонымен қатар, әлем чемпиондарын дайындаған бапкерлерге де 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру беріледі.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы шпага сайысында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Бұған дейін ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесі өткен жылы Грузияда иеленген қола медаль болатын. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу