Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты

Айша Әбдімәлік финалда Моңғолия спортшысымен кездесетін болды.

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты ашық дереккөзден

Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Айша Әбдімәлік алтын медаль үшін күреседі.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан жартылай финалда Грекия өкілі Василики Каравануды 8:1 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.

Енді әлем чемпионы атағы үшін Айша Моңғолия спортшысы Ариунул Болдбаатармен белдеседі.

Ал 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық Аянат Мейнамбай қола медаль үшін күреседі. Оның жұбы жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша анықталады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу