Заңғар Нұрланұлы мансабында алғаш рет ITF World Tennis Tour турнирінің жартылай финалына шықты

Әлемдегі ең мықты жасөспірім теннисшілердің бірі Заңғар Нұрланұлы ересектер арасындағы кәсіби турнирлерде өнер көрсете бастады.

Заңғар Нұрланұлы мансабында алғаш рет ITF World Tennis Tour турнирінің жартылай финалына шықты ашық дереккөзден

Астанада Қазақстан Президенті кубогы аясында өтіп жатқан ITF M15 халықаралық турнирі жалғасуда.

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы ересектер арасындағы ITF World Tennis Tour турнирінде мансабында алғаш рет жартылай финалға шықты.

Ширек финалда қазақстандық теннисші Израиль өкілі Дэн Брандты 6:7 (4:7), 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 42 минутқа созылды.

Финал жолдамасы үшін Заңғар ATP рейтингінде 810-орында тұрған ресейлік Григорий Щебкинмен кездеседі.

Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы қазіргі таңда ITF жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 9-орында тұр және Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу