Дастан Сәтпаев «Ювентусқа» қарсы матчқа қатысуы мүмкін

Ойын Гонконгтағы «Кай Так» стадионында өтеді.

Дастан Сәтпаев «Ювентусқа» қарсы матчқа қатысуы мүмкін ашық дереккөзден

5-тамыз күні Лондонның «Челси» клубы маусымалды дайындық аясында Италияның «Ювентус» командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 16:30-да басталады.

Бұл кездесу Хаби Алонсо шәкірттері үшін Аустралия мен Азиядағы маусымалды турненің үшінші ойыны болмақ.

Алдағы матчқа Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев қатысуы мүмкін. Жас футболшы «Челсидің» бұған дейінгі екі жолдастық кездесуінде де алаңға шыққан.

Алғашқы ойында Сәтпаев негізгі құрамда өнер көрсетіп, Аустралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы кездесуде алғашқы голын соқты. Лондондық клуб тартысты матчта 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Кейінгі кездесуде Сәтпаев екінші таймда «Тоттенхэмге» қарсы ойында алаңға шықты. «Челси» басымдықпен ойнағанымен, матч 1:2 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталған еді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу