«Қайраттың» плей-оффтағы ықтимал қарсыласы белгілі болды
4-тамыз күні Болгария астанасы Софияда «Қайрат» пен «Левски» арасындағы алғашқы матч, ал жауапты ойын 11 тамыз күні Түркістанда өтеді.
ашық дереккөзден
Бүгін, 3-тамыз күні Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті.
Жеребе қорытындысы бойынша, алматылық «Қайрат» үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левски» клубынан басым түссе, плей-оффта Грекияның АЕК командасымен кездеседі.
Плей-офф кезеңінің алғашқы матчтары 18-19 тамыз күндері өтсе, қарымта ойындар 25-26 тамызға жоспарланған.
Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубын екі матч қорытындысы бойынша 4:1 есебімен (2:1, 2:0) жеңді. Ал екінші кезеңде Кипрдің «Омониясын» пенальти сериясында 6:5 есебімен ұтып, келесі айналымға жолдама алды.