Әлем чемпиондары мен Олимпиада жеңімпаздары Қазақстанда бас қосады

Қазақстанда алғаш рет дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Әлем чемпиондары мен Олимпиада жеңімпаздары Қазақстанда бас қосады ашық дереккөзден

5-15 тамыз аралығында Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасында әлемнің 30 елінен келген 700-ден астам спортшы бас қосады.

Ауқымды оқу-жаттығу жиынына әлемдік рейтингтің көшбасшылары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем чемпиондары қатысады.

Қатысушылар қатарында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов, грузиялық Олимпиада чемпионы Лаша Шавдатуашвили, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма, Санширо Мурао (Жапония), Инал Тасоев, Тимур Арбузов (Ресей), Тато Григалашвили (Грузия), Мими Хух (Оңтүстік Корея) және әлемдік дзюдоның өзге де танымал шеберлері бар.

Халықаралық оқу-жаттығу жиыны қазақстандық дзюдоның дамуына тың серпін беріп, жергілікті спортшыларға әлемнің үздік балуандарымен бірге жаттығып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу