«Болашақ ойындары - 2026» турнирі рекордтық аудиторияға жақындады
«Болашақ ойындары - 2026» 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада ұйымдастырылып жатыр.
ашық дереккөзден
Астанада өтіп жатқан халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары - 2026» турнирі көрермен саны бойынша жоба тарихындағы рекордтық көрсеткішке жақындап келеді.
Жарыстың алғашқы төрт күнінде трансляциялар 85 миллионнан астам қаралым жинады. Қазіргі қарқын сақталса, турнир соңына дейін жалпы аудитория 430-490 миллион қаралымға жетуі мүмкін.
Биыл турнирдің медиасеріктестері саны 27-ден 54-ке, ал стримерлер саны 58-ден 120-ға дейін артты. Сонымен қатар жарыс 16-дан астам тілде көрсетіліп, Қытай, ТМД елдері, Латын Америкасы, Үндістан және өзге өңірлердегі ірі платформалар арқылы таратылуда.
Алдағы күндері көрермен санының одан әрі артуы күтіледі. 5 тамызда Dota 2, ал 8-9 тамызда Counter-Strike 2, Mobile Legends: Bang Bang және фиджитал-футбол турнирлерінің финалдары өтеді.