Әли Әлиев «Жеңістің» бас бапкері қызметінен кетті

Әзірге елордалық клубты кім жаттықтыратыны белгісіз.

Әли Әлиев «Жеңістің» бас бапкері қызметінен кетті ашық дереккөзден

Астаналық «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері Әли Әлиев қызметінен кетті.

Клуб басшылығының шешімімен Әли Әлиев негізгі команданың бас бапкері қызметін аяқтап, енді «Жеңіс» футбол клубының техникалық директоры лауазымында жұмысын жалғастырады.

Әли Әлиев команданы жаттықтырған кезеңде клубтың ойын стилін қалыптастыруға, спорттық құрылымды дамытуға және команданың дамуына елеулі үлес қосты. Осыған байланысты клуб басшылығы оған атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді.

Жаңа қызметінде ол клубтың спорттық бағытын дамыту, селекциялық жұмысты жетілдіру, кәсіби командалардың жұмысын үйлестіру және ұзақмерзімді спорттық стратегияны жүзеге асыру бағыттарына жауап береді.

«Жеңіс» клубы негізгі команданың жаңа бас бапкері туралы ақпараттың кейінірек жарияланатынын мәлімдеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу