Алматыда 45 мың орындық жаңа стадионның құрылысы жалғасуда

Жоба бойынша құрылыс жұмыстары 2028 жылдың наурыз айында аяқталады.

Алматыда 45 мың орындық жаңа стадионның құрылысы жалғасуда Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласында УЕФА-ның IV санаттағы талаптарына толық сәйкес келетін, 45 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Жаңа спорт нысаны Құлжа және Талғар тасжолдарының маңындағы шамамен 32 гектар аумақта бой көтеруде. Жоба аясында негізгі футбол аренасынан бөлек, жаттығу алаңы, спортшылар мен командаларға арналған қызметтік бөлмелер, жанкүйерлерге арналған аймақтар қарастырылған. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Жаңа стадион халықаралық деңгейдегі футбол матчтары мен ірі спорттық және мәдени іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, нысанның көлік қолжетімділігін жақсарту мақсатында оған іргелес жол инфрақұрылымы да жаңғыртылатын болады.

Жаңа стадион Алматыда халықаралық жарыстарды қабылдау мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған маңызды нысандардың бірі болмақ.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу