Грекия чемпионы XDS Astana Team сапына қосылды

Елордалық ұжым тәжірибелі жас велошабандозбен толықты.

Грекия чемпионы XDS Astana Team сапына қосылды XDS Astana Team

Грекияның қазіргі чемпионы Никифорос Арваниту 2026 жылдың 1-тамызынан бастап XDS Astana Team командасына тағылымдамашы (стажер) ретінде қосылды.

23 жастағы велошабандоз маусымның соңына дейін Әлемдік турдағы қазақстандық команда сапында бірнеше жарысқа қатысады. Оның алғашқы бәсекесі - Норвегиядағы Arctic Race of Norway. Сондай-ақ қыркүйекте Бельгиядағы біркүндік жарыстар мен қазанда өтетін Tour de Kyushu көпкүндігіне қатысу жоспарланған.

Никифорос Арваниту - Грекияның топтық жарыстағы қазіргі чемпионы. Ол бұған дейін Tour of Bulgaria-2025 көпкүндігін, Grand Prix Rhodes-2026 және Visegrad 4 Bicycle Race - GP Poland-2026 жарыстарын жеңіп алған. Ал биылғы маусымда алты мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Ал XDS Astana Team бас менеджері Александр Винокуров грек велошабандозының ұзақ уақыттан бері команданың назарында болғанын атап өтті.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу