Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Левскиге» минималды есеппен жол берді

«Қайрат» соңғы минутта гол жіберіп алды.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Левскиге» минималды есеппен жол берді ашық дереккөзден

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын Болгарияның «Левски» клубына қарсы өткізді.

Софиядағы «Георги Аспарухов» стадионында өткен кездесудің алғашқы таймында алаң иелері басымдық танытқанымен, қауіпті сәттер аз болды. «Қайрат» қорғаныста сенімді ойнап, үзіліске дейін есеп ашылмады.

Екінші таймда да екі командада гол соғатын мүмкіндік көп болған жоқ. Матч тең аяқталуға жақын қалған сәтте болгариялық клуб жеңіс голын соқты. Қосымша уақыттың екінші минутында Сержинью қақпаны дәл көздеп, «Левскиге» жеңіс сыйлады.

Осылайша, кездесу 1:0 есебімен болгариялық клубтың пайдасына аяқталды. Енді командалар арасындағы қарымта матч Түркістанда өтеді. Онда «Қайрат» келесі кезеңге шығу үшін жеңіске жетуге барын салары анық. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу