«Ақтөбе» әйелдер командасы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің финалына шықты

«Ақтөбе» клуб тарихында тұңғыш рет іріктеудің финалына жолдама алды.

«Ақтөбе» әйелдер командасы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің финалына шықты fcaktobewomen

«Ақтөбе» әйелдер футбол клубы УЕФА әйелдер Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі шағын турнирдің жартылай финалында Исландияның «Брейдаблик» командасын жеңіп, финалға жолдама алды.

Кездесу Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтті. Алаң иелері есепті 12-минутта Екатерина Бабшуктың дәл соққысынан кейін ашты. Алайда төрт минуттан соң Кейтлин Дуонг таразы басын теңестірді.

Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен аяқталған соң жеңімпаз матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталды. Он бір метрлік соққыларда қазақстандық клуб 2:0 есебімен басым түсіп, финалға шықты.

Турнирдің финалында «Ақтөбе» арулары Швейцарияның «Серветт» командасымен кездеседі.

УЕФА регламентіне сәйкес, шағын турнирдің жеңімпазы әйелдер Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады. Осылайша, «Ақтөбе» тарихи жетістікке жетіп, турнирдің келесі кезеңіне шығуға бір ғана жеңіс қажет.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу