Мұхамед Салах «Трабзонспор» клубымен келісімшартқа қол қойды

Тәжірибелі шабуылшы жаңа клубқа еркін агент мәртебесінде қосылды.

Мұхамед Салах «Трабзонспор» клубымен келісімшартқа қол қойды ашық дереккөзден

Мысыр құрамасының шабуылшысы Мұхамед Салах мансабын Түркияда жалғастырады. Түркияның «Трабзонспор» клубы 33 жастағы футболшымен екі жылдық келісімшарт жасалғанын ресми түрде жариялады.

Салах 2017-2026 жылдар аралығында Англияның «Ливерпуль» сапында өнер көрсетіп, клуб тарихындағы ең үздік футболшылардың біріне айналды. Осы уақыт ішінде ол 442 матчқа қатысып, 257 гол соғып, 123 нәтижелі пас берді.

Мысырлық футболшы англиялық клубпен бірге УЕФА Чемпиондар лигасын, екі рет Англия Премьер-лигасын, Англия Кубогын, екі мәрте Англия лигасы кубогын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Енді тәжірибелі шабуылшы Түркия Суперлигасында «Трабзонспордың» намысын қорғайды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу