Мейірім Нұрсұлтанов WBC уақытша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады

Жекпе-жектің тікелей трансляциясын DAZN платформасы көрсетеді.

Мейірім Нұрсұлтанов WBC уақытша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады ашық дереккөзден

Жеңілістің ащы дәмін татпаған қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) мансабындағы ең маңызды жекпе-жектердің бірін өткізеді.

19 қыркүйекте АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында орналасқан Pechanga Arena кешенінде Нұрсұлтанов WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы, америкалық Хесус Рамоспен (24-1, 19 KO) қолғап түйістіреді. 

Бұл айқас бокс кешінің басты жекпе-жегінің алдында өтеді. Кештің негізгі кездесуінде мексикалық Исаак Крус пен пуэрторикалық Нестор Браво бірінші жартылай орта салмақтағы WBC уақытша әлем чемпионы белбеуі үшін бақ сынайды.
Бірқатар басылымдардың мәліметінше WBC президенті Маурисио Сулейман Хесус Рамос пен Мейірім Нұрсұлтанов арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы толыққанды әлем чемпионы Карлос Адамеске міндетті үміткер атанатынын мәлімдеген. Бұл жекпе-жектің маңызын одан әрі арттыра түседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу