Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қызу дайындық басталды
Алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты Орта Азия тарихындағы ең ауқымды мәдени-спорттық шоулардың бірі болады деп күтілуде
ашық дереккөзден
Қырғызстан астанасындағы жаңа «Бішкек Арена» стадионында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне дайындық қарқын алды.
Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда стадион алаңына бір мезетте жүздеген салт атты шыққаны көрінеді. Қатысушылар ауқымды театрландырылған қойылымдардың көріністерін пысықтап, салтанатты ашылу кешіне дайындалуда.
Ұйымдастырушылар көшпенділер мәдениетін дәріптейтін, ат үстіндегі өнерді, ұлттық дәстүрлерді және заманауи технологияларды ұштастыратын әсерлі шоу әзірлеп жатыр. Әзірге ашылу рәсімінің толық бағдарламасы мен оған қатысатын өнерпаздардың нақты саны жарияланған жоқ.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылуы 2026 жылдың 31 тамызында өтеді. Оған мемлекет бірқатар елдердің басшылары қатысып, ұлттық құрамалардың шеруі ұйымдастырылады.
Ал, Орталық Азмядағы ең үлкен стадион «Бішкек Аренаның» халыққа арналған ресми ашылуы қыркүйек айының соңында үлкен мерекелік форматта өтпек.
Жаңа спорт нысаны 51 мың көрерменге арналған. Ол Бішкектің оңтүстік-батысындағы Орок ауылында бой көтерген. Стадионның сәулеттік келбеті қырғыздың дәстүрлі киіз үйі үлгісінде жобаланған және FIFA мен Азия футбол конфедерациясының халықаралық талаптарына толық сәйкес келеді.
Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қазақстан құрамасы да қатысады. Ел спортшылары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынап, қазақтың бай көшпенділер мәдениетін халықаралық аренада таныстырады.