Ербол Мырзабосынов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлерін марапаттады
27 шілде мен 2 тамыз аралығында Әзербайжанның Баку қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы табысты өнер көрсетті.
ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларын салтанатты түрде марапаттады.
Бакуде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 8 медаль - 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жеңіп алды.
Министр жас балуандарды тарихи жетістіктерімен құттықтап, бұл табыс спортшылардың, жаттықтырушылардың және Қазақстан күрес федерациясының бірлескен жүйелі еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.
Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов биыл күзде Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтетінін айтып, бұл жарыс елдегі күрестің дамуына тың серпін беретінін жеткізді.