Лионель Мессидің әкесі дүниеден өтті

Хорхе Месси ұлының агенті болды.

Лионель Мессидің әкесі дүниеден өтті ашық дереккөзден

Аргентина футболының жұлдызы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды.

Хорхе Месси Аргентинаның Росарио қаласындағы ауруханада ұзақ уақыт бойы ем қабылдаған. Оның өлімінің нақты себебі әзірге жарияланған жоқ.

2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде Лионель Месси әкесінің денсаулығына байланысты қиын кезеңді бастан өткергенін айтқан. Алжирге қарсы матчта хет-трик жасағаннан кейін футболшы алғашқы голынан соң жылап жібергенін айтып, оның себебі футболға қатысы жоқ екенін жеткізген.

Хорхе Месси ұлының агенті болды. Дәл сол кісі 13 жастағы Лионельдің Испанияға барып, «Барселона» академиясына қосылуына ықпал етті. Жас футболшы өсу гормонының тапшылығынан зардап шеккендіктен, оған арнайы гормондық терапия мен медициналық бақылау қажет болған.

Хорхе Месси көпшілікке сұхбат беруге аса құлықты болмаған. Оның өмірі мен Лионельдің балалық шағы туралы көптеген дерек Бруно Писаноның «Менің балам футболшы» кітабында және Гильем Балагенің Месси туралы өмірбаянында жазылған. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу