«Атырау» жаңа бас бапкерін таныстырды

«Атырау» футбол клубын білікті қазақстандық маман Самат Смақов жаттықтыратын болды.

«Атырау» жаңа бас бапкерін таныстырды ашық дереккөзден

«Атырау» футбол клубы команданың жаңа бас бапкері болып Самат Қабирұлы Смақов тағайындалғанын хабарлады.

Қазақстан футболына жақсы таныс маман бұған дейін «Ордабасы» клубының жаттықтырушылар штабында қызмет атқарып, «Елімай» командасын басқарған. Оның жетекшілігімен семейлік клуб Премьер-лигаға жолдама алған.

Сондай-ақ Смақов «Астана» клубында техникалық директор қызметін атқарып, кейін «Жетісудың» бас бапкері болған.

Самат Смақов футболшы ретінде де Қазақстан чемпионатында 76 кездесу өткізіп, ұлттық құрама сапында алты дүркін ел чемпионы және төрт дүркін Қазақстанның үздік футболшысы атанған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Атырау» футбол клубы турнирлік кестеде 19 ұпаймен 13-орынға жайғасты. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу