«Челси» «Миланды» ірі есеппен жеңді

Бүгінгі ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады.

«Челси» «Миланды» ірі есеппен жеңді ашық дереккөзден

Лондондық «Челси» Джакартада өткен жолдастық кездесуде «Миланды» 3:0 есебімен жеңді.

Кездесудің алғашқы таймының соңында Жоау Педро есеп ашса, бразилиялық шабуылшы екінші тайм басталысымен тағы бір гол соғып, дубль жасады. 51-минутта Мойсес Кайседо есепті 3:0-ге жеткізді.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев қосалқы құрамда болды. Алайда жас футболшы алаңға шыққан жоқ.

«Челси» келесі жолдастық кездесуін дүйсенбі күні малайзиялық «Джохорға» қарсы өткізеді. Ал «Милан» 15 тамызда «Манчестер Юнайтедпен» кездеседі.

Сондай-ақ бүгін Аустралияның Перт қаласында «Интер» мен «Ювентус» арасында жолдастық матч өтіп, онда Италия чемпионы 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Интер» сапынан Федерико Димарко мен Анди Диуф гол соқты. «Ювентустың» жалғыз голын Франсишку Консейсау салды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу