Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender Spokane турнирінде топ жарды

Қазақстандық спортшы төрт кездесуде де жеңіске жетті.

Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender Spokane турнирінде топ жарды ашық дереккөзден

Қазақстандық Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender Spokane 2026 халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.

Жарыс 6-8 тамыз аралығында ұйымдастырылып, әлемнің бірнеше елінен болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылар бас қосты. Қазақстан намысын Алан Құрманғалиев қорғады.

Алан турнир барысында төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Алдымен қазақстандық спортшы АҚШ өкілі Алекс Лоны 3:1 есебімен жеңді. Кейін Абхинав Ширбхатеге қарсы кездесуде 3:0 есебімен басым түсті. Үшінші матчта тағы бір америкалық Эндрю Цаоны дәл осындай есеппен ұтты.

Шешуші кездесуде Алан Құрманғалиев Аустралия өкілі Чулун Нені 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің алтын жүлдесіне қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының жас өкілі халықаралық аренада кезекті жетістігіне қол жеткізіп, еліміздің үстел теннисіндегі жаңа буынның талантты спортшыларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

WTT Youth Contender Spokane турниріне Аустралия, Канада, Қытай Тайбэйі, Қазақстан, Парагвай және АҚШ спортшылары қатысты.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу