Соня Жиенбаева Испанияда сенсация жасап, W75 турнирінің финалына шықты
Жарыстың жүлде қоры 60000 АҚШ долларын құрайды.
ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Оренсе қаласында өтіп жатқан W75 санатындағы халықаралық турнирдің финалына жолдама алды.
Әлемдік рейтингте 630-орында тұрған қазақстандық спортшы жартылай финалда WTA рейтингінде 327-сатыда орналасқан жапониялық Рина Сайгомен кездесті.
Жиенбаева матчты сенімді бастап, алғашқы сетте қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады - 6:1. Екінші партияда тартыс күшейгенімен, қазақстандық теннисші тай-брейкте 7:5 есебімен басым түсіп, кездесуді екі сетте аяқтады - 6:1, 7:6 (7:5).
Осылайша, Соня Жиенбаева рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласын жеңіп, W75 турнирінің финалына шықты.
Енді қазақстандық теннисші жарыстың басты жүлдесі үшін болгариялық Изабелла Шиниковамен кездеседі. Шиникова WTA рейтингінде 442-орында тұр.