Қазақстандық ауыр атлет Ташкентте рекорд жаңартты

Ерсейіт Бейбарыс Азияда қос рекордпен чемпион атанды.

Қазақстандық ауыр атлет Ташкентте рекорд жаңартты ашық дереккөзден

Қазақстандық ауыр атлет Ерсейіт Бейбарыс Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде 129 келі, серпе көтеруде 152 келі нәтижеге қол жеткізді. Қос сайыс қорытындысы бойынша Бейбарыс 281 келі салмақты бағындырып, Азия чемпионатының алтын медалін иеленді.

Сонымен қатар, Ерсейіт Бейбарыс жұлқа көтеру және қос сайыс бойынша Азия рекордтарын жаңартты.

Осылайша, қазақстандық ауыр атлет құрлық біріншілігінде екі алтын медаль жеңіп алып, өз салмағында Азиядағы үздік спортшы екенін паш етті.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу